НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионаты финалдық сатысына берілген соңғы жолдамаға Коста-Рика құрамасы ие болды. Құрлықаралық өтпелі ойында олар Жаңа Зеландияны 1:0 есебімен сүріндірді.
Осылайша дүбірлі додада бақ сынайтын барлық құрама анықталды.
A тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;
B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс;
C тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;
D тобы: Франция, Дания, Тунис, Австралия;
Е тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика;
F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;
G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;
H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.
Әлем чемпионаты биылғы 21 қараша мен 18 желтоқсанда Катар мемлекетінде өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.