Құрлықтық дода ойындары толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі.
Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:
А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.
Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. 14-26 маусым аралығында өтетін топтық кезең ойындары 18:00, 21:00, 00:00–де басталады.
Құрлықтық додада 30 маусым-2 шілде аралығында 1/8 финал ойналса, 5-6 шілдеде ¼, 9-10 шілдеде ½ финал өткізіледі. Финал 14 шілдеге белгіленген.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы құрлықтық дода іріктеу сатысында Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) құрамаларын бір мәрте тізе бүктірсе, Солтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларын екі мәрте жеңді.
Ал Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберіп қойды.
Одан кейін Ұлттар лигасы С жолымен 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекияға 0:5 есебімен жеңіліп қалды.