АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы АҚШ‑тың Нью‑Йорк қаласындағы «Метлайф‑стэдиум» стадионында өткізіледі. Бұл жөнінде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мәлім етті.
Финалдық ойын 2026 жылғы 19 шілдеге белгіленген. Аталған стадион 82,5 мың жанкүйерге арналған.
Ал 3-орын үшін сайыс Майами қаласындағы 64 767 адамның сыятын «Хард Рок Стэдиум» стадионында өткізіледі.
2026 жылғы әлем чемпионат АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында болады.
Айта кетсек, доп додасына тұңғыш рет 48 құрама қатысады. Ойындар АҚШ‑тың - 6, Мексиканың - 2, Канаданың - 1 стадионында өтеді.
Әлем чемпионаты өз тарихында тұңғыш рет үш мемлекетте болады. Бұған дейін 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапония дүбірлі доданы бірлескен түрде ұйымдастырған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.