Алдағы түнде және таңертең Қазақстан уақытымен екі кездесу өтеді.
В тобында турнирді қабылдаушы елдердің бірі — Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі. Матч Торонто қаласында өтеді. Босния және Герцеговина құрамасының сапында елордалық «Астана» клубында өнер көрсететін Иван Башич те бар. Кездесу Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады.
Таңертең D тобының құрамалары алғашқы ойындарын өткізеді. Турнир қожайындарының бірі АҚШ құрамасы Лос-Анджелесте Парагваймен күш сынасады.
13 маусым. Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:
- 00:00 — Канада – Босния және Герцеговина
- 06:00 — АҚШ – Парагвай
Қазақстан аумағында әлем чемпионаты матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, кеше футболдан 23-ші әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.