ХХІІІ Әлем чемпионатын қабылдауға АҚШ, Канада және Мексика бірлескен өтініш тапсырған болатын. Оларға бәсекелес ретінде Марокко өтініш берген. Дауыс беру қорытындылары бойынша, Америка елдері 134 дауыс (барлық дауыстың 67%-ы) жинады, ал 65 ұлттық федерация (33%) Мароккода өткізуді жақтаған.
2022 жылғы мундиаль Катарда өтеді.
Ертең Ресей астанасы Мәскеуде басталатын 2018 жылғы Әлем чемпионаты ойындарының Астана уақыты бойынша кестесін мына жерден көруге болады.