ФИФА басшысының айтуы бойынша, 10 жылдан кейін өтетін доп додасы АҚШ, Канада мен Мексика елдерінде қатар өтуі мүмкін. Қазіргі таңда аталған елдер әлем чемпионатын өткізуге өтініштерін дайындап үлгерген ұқсайды. Сондай-ақ қатысушы құрамалар санын 40-қа дейін жеткізу де Джанни Инфантино жоспарында бар екен, деп жазады massaget.kz.
«Мен әлем чемпионатына 40 құрама қатысқанын қалаймын. Бұл жеке көзқарасым ғана. Алдағы уақытта талқылау керек. Тағы 8 құраманың қосылуы арқылы, футбол дамып, бұдан да таныла түседі деп ойлаймын. Қызығы да арта түседі. Мұның дәлелі ретінде Францияда өткен Еуропа чемпионатын мысалға келтіруге болады», - деді Джанни Инфантино.
Айта кетейік, футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде болса, 2022 жылғы дода Катарда өтеді.