УЕФА атқару комитеті отырысында алдағы екі құрлықтық доданы қабылдайтын елдер белгілі болды.
2028 жылы дүбірлі доданы Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия және Ирландия бірлескен түрде қабылдайды. Ал 2032 жылы бұл бәсеке Италия мен Түркия жерінде өткізіледі.
2028 жылы ойындар Белфаст, Бирмингем, Кардифф, Дублин, Глазго, Ливерпуль, Лондон, Манчестер және Ньюкасл қалаларында болады.
Италия мен Түркияда әзірге оған барлығы 20 стадион ұсынылып отыр. 2026 жылы қазан айында олардың арасынан оны іріктеліп алынады. Ол ұйымдастыратын мемлекеттерге бес-бестен бөлінеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын бір чемпионаттың екі мемлекетте өткізілуі үш мәрте тіркелді. Ол 2000 жылы Бельгия мен Нидерландта өтсе, 2008 жылы Австрия мен Швейцарияда, 2012 жылы Польша мен Украинада болды.
Сондай-ақ, бұған дейін Италия 1968 және 1980 жылдарда екі мәрте қабылдап үлгерді.
Алдағы 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда жалауын көтереді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Саян Хамитжанов «Астана» футбол клубы басшылығына оралды.