Франция - Қазақстан ойынының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45.
Еске салайық, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы алғашқы матч наурыз айында Нұр-Сұлтанда өткен еді. Бұл матчта француздар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Алты ойыннан кейін Франция құрамасы топта бірінші орында – 12 ұпай, ал Қазақстан соңғы, бесінші орында. Жеті ойыннан кейін 3 ұпайы бар.