Футболдан ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы Аустралиядан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында D тобында сынға түсіп жатқан АҚШ - Аустралия кездесуі аяқталды.

Фото: fifa.com

Алғашқы турда қос құрама жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын бірщама жақсартып алған еді. Дегенмен бұл топта қайсысы көш басына шығатынын бүгінгі ойын шешетін.

Сондықтан төреші ысқырығы естілген сәттен қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. 

Ойынның 11-минутында аустралиялық Кэмерон Бургесс өз қақпасына гол соғып алды. Одан кейін АҚШ құрамасының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Осындай сәттердің бірінде Алекс Фримен есепті ұлғайта түсті.

Екінші кезеңде де ойын қарқынды өтті. Екеуі де есепті өзгертетін қауіпті сәттерді ұйымдастырды. 

Айта кетсек, қазірге дейін екі құрама қазірге дейін жолдастық кездесуде екі мәрте кездесті. Екеуінде де АҚШ құрамасы жеңіске жетті. Бұл жолы да аустралиялық футболшылар қарсыласынан сол есесін қайтара алған жоқ.

Осылайша АҚШ құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, бір тур бұрын плей-офф сатысына жолдама алды.

Екінші турда аталған топта 09:00-де Түркия - Парагвай жасыл алаңға шығады.

Енді бұл топта алдағы тур ойындары 26 маусым күні өтеді. Бұл күні 07:00-де АҚШ - Түркия, Парагвай - Аустралия кездесуі өтеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Мексика өз тобында көш басына шықты.