Әлем чемпионатына алғаш рет қадам басқан Иордания алғашқы турда Аустрияға 1:3 есебімен есе жіберсе, алжирлік футболшылар Аргентинадан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.
Бүгінгі кездесу құрамалар үшін маңызды болатын. Жеңгені плей-офф сатысына шығатын мүмкіндіктен қол үзбей, жеңілгені одан тыс қалатын.
Алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлген құрамалар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алмай жатты. Ойынның 36-минутында Низар Аль-Рашдан өз мүмкіндігін мүлт жібермей, өз құрамасын алға шығарды.
Алжирлік футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де бірінші кезеңде дегеніне жете алған жоқ. Олардың қатарынан Надир Бенбуали 69-минутта гол соғып кетті.
Ойынның 82-минутында африкалық құрамадан Амин Гуири соққан гол өз құрамсына жеңіс алып келді.
Осылайша Алжир құрамасы қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсті.
Бұл топтағы тағы бір кездесуде Аргентина Аустрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Екі турдан кейін Аргентина мен Аустрия алты ұпай жинап, плей-офф сатысына берілген жолдаманы ертерек шешіп қойды.
Ал Алжир үшінші турда Аустрияны жеңсе, осындай мүмкіндікке ие болады. Тағы бір кездесуде Аргентина мен Иордания шеберлік байқасады.