Бұл топта алғашқы екі турда тең нәтижеге қанағат білдірген Бельгия құрамасы топтық кезеңде бірінші орын алу үшін соңғы ойына жеңіске жетуі тиіс еді. Олар Жаңа Зеландиямен кездесуде жинақы қимыл көрсетіп, үш ұпайға қол жеткізді. Ойын барысында бельгиялық құрама сапынан Леандро Троссард 28, 50-минутта қос голдың авторы атанса, 66-минутта Кевин Де Брёйне көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Оған 84-минутта Жаңа Зеландия сапынан Элайджа Джаст 84-минутта бір голмен жауап қайырды.
Одан кейін Бельгия сапынан Ромело Лукаку 86, Алексис Салемакерс 94-минутта екі гол соғып кетті.
Осылайша Бельгия қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, һз тобында 5 ұпаймен бірінші орын алды.
Тағы бір кездесуде Египет пен Иран құрамалары шеберлік байқасты.
Кездесу барысында египеттік Махмуд Сабер 5-минутта қақпаны дәл көздеді. Оған 14-минутта Рамин Резаян бір голмен жауап қайырды.
Кездесу барысында құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Нәтижесінде 5 ұпаймен африкалық құрама екінші орынға табан тіреп, плей-офф сатысына жолдама алды.
Әзірге Иран плей-офф сатысына шығу мүмкіндігінен қол үзген жоқ. Олар өз тобында үшінші орын алған құрамалар арасында үздік сегіздікте тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Испания құрамасы өз тобында бірінші орын алды.