Футболдан ӘЧ-2026: Чехия — Оңтүстік Африка тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Атобында сынға түсіп жатқан Чехия — Оңтүстік Африка кездесуі аяқталды.

Фото: Championat.com

Алғашқы турда екі құрама да жеңілістің ащы дәмін татты. Чехиялық футболшылар Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен жеңілсе, оңтүсік Африка Мексикаға 0:2 есебімен есе жіберді.

Сондықтан бүгінгі кездесу барысында командалар жеңіске жетуге бар күшін салды.

Кездесу барысында чехиялық құрама алғашқы минуттан жылдам гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде олар есеп ашып кетті. Бұл голды 6-минутта чехиялық Михал Садилек өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде африкалық футболшылар алға қарай ұмтылды. Десе де көздеген мақсатына жете алмай жатты. Ойынның 83-минутында Чехия қақпасына белгіленген пенальтиден Тебохо Мокоена мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді бұл топта 19 маусымда сағат 06:00–де Мексика мен Оңтүстік Корея жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ В тобында 19 маусымда сағат 00:00–де Швейцария — Босния және Герцоговина, 03:00–де Канада мен Қатар кездеседі.