Қарсыластар алғашқы турда жеңіске жетіп, дүбірлі доданы сәтті бастаған еді. Германиялық футболшылар алдымен Кюрасаоны 7:1 есебімен тізе бүктірсе, Кот-д’Ивуар Эквадордан 1:0 есебімен айласын асырып кетті.
Бүгінгі кездесу барысында неміс футболшылары ойын басында тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қос қанаттан шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Есесіне 30-минутта африкалық құрама спынан Франк Кессье есеп ашып кетті.
Бұл гол Германия құрамасының шабуылды арттыра түсуіне алып келді. Таразы басын теңестіруге ұмтылған олар бірінші кезеңде мақсатына жета алған жоқ.
Екінші кезеңде дегерманиялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Ойынның 68-минутында олардың қатарынан Дениз Ундав гол соқса, ол 94-минутта екінші мәрте көзге түсті.
Осылайша Германия құрамасы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, плей-офф сатысына берілген жолдамаға ие болды.
Аталған топтағы тағы бір ойында 05:00–де Эквадор мен Кюрасао құрамалары жасыл алаңға шығады.
Енді бұл топтағы алдағы тур ойындары 25 маусым күні өтеді. Онда Германия Эквадормен кездессе, Кот-д’Ивуар Кюрасаонмен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын F тобында Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді.
Бұл топта енді Қазақстан уақытымен 09:00–де Жапония мен Тунис шеберлік байқасады.