Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен ерекшеленді. Алғашқы кезеңнің өзінде қарсыластар екі-екіден қақпаны дәл көздеді.
Ойынның 12-минутында Англия құрамасының капитаны Харри Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Оған 36-минутта хорватиялық Мартин Батурина бір голмен жауап қайырды.
Ал 42-минутында Кейін өзінің екінші голын соқса, 45-минутта хорватиялық Летар Муса өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Екінші кезеңді англиялық құрама белсенді бастады. Олардың қатарынан Джуд Беллингем соққан гол Англияны қайтадан алға шығарса, 85-минутта Маркус Рэшфорд қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, Англия әлем біріншілігін сәтті бастап, қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Бұл топтағы тағы бір кездесуде Қазақстан уақытымен сағат 04:00-де Гана – Панама құрамалары жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын K тобында Португалия – Конго ДР 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бұл топта енді сағат 07:00-де Өзбекстан мен Колумбия құрамалары ойнайды.