Н тобында сынға түсіп жатқан Испания тоқсан минут бойы Кабо-Верде қақпасының осал тұсын таба алған жоқ. Кездесу барысында олар қарсылас қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Оған африкалық құрама лайықты қарсылық көрсетті.
Енді бұл топта 16 маусымда Қазақстан уақытымен 03:00–де Сауд Арабиясы — Уругвай жасыл алаңға шығады.
Ал G тобында 16 маусымда 00:00–де Бельгия — Египет, 06:00–де Иран — Жаңа Зеландия кездеседі.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде — АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады.
Турнирді үш мемлекет қабылдағанымен, матчтардың басым бөлігі АҚШ-та ұйымдастырылады. Мұнда барлығы 78 ойын өтеді. Ал Канада мен Мексикада 13 матчтан өткізіледі.
Айта кетсек, бұдан бқрын Кот-д’Ивуар Эквадорды доп додасын жеңіспен бастады.