Футболдан ӘЧ-2026: Мессидің екі голы Аргентинаға жеңіс сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында J тобында Аргентина - Аустрия құрамалары кездесті.

Фото: Fifa.com

Ойын барысында қос команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Осындай сәттердің бірінде аустриялық футболшылар өзінің қорғаныс шебінде тәртіп бұзуға мәжбүр болды. Олардың қақпасына белгіленген пенальтиді Лионель Месси дегеніне пайдалана алған жоқ.

Есесіне 38-минутта ол сол олқылықтың орнын толтырып, өз құрамасын алға шығарды. Ойының 95-минутында Лионель Месси өзінің екінші голын соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Аргентиналық шабуылшының еншісінде енді 18 гол бар. Бұған дейінгі рекорд Германия құрамасының аңызы Мирослав Клозеге тиесілі еді .Ол қазірге дейін мундиаль тарихында 16 мәрте мергендік танытқан.

Енді J тобында 23 маусымда 08:00–де Иордания мен Алжир кездеседі.

Бірінші турда Аргентина Алжирді 3:0, Аустрия Иорданияны 3:1 есебімен жеңді.