Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында F тобында Нидерланд - Швеция құрамалары кездесті.

Фото: Fifa.com

Алғашқы турда Жапониямен 2:2 есебімен тең ойнаған нидерландтық футболшылар екінші ойында жеңіске жету мүмкіндігін іздеді. Есесіне Швеция құрамасы бірінші турда Тунистен 5:1 есебімен басым түскен еді.

Бүгінгі ойында нидерландтық футболшылар бірінші минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Брайан Бробби 5, 17-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде олар тағы да шабуылды үдете түсті. Ойынның 47-минутында гол соққан Коди Гакпо 54-минутта екінші мәрте көзге түсті.

Оған швециялық Энтони Эланга 59-минутта бір голмен жауап қайырса, нидерлендтық Крисенсио Саммервилл 89-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Енді бұл топта 21 маусымда Қазақстан уақытымен 09:00-де Жапония мен Тунис шеберлік байқасады.

Сондай-ақ 21 тамызда сағат 01:00-де Германия - Кот-д'Ивуар, 05:00-де Эквадор мен Кюрасао құрамалары жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркия құрамасы екінші мәрте жеңілді.