Футболдан ӘЧ-2026: Португалия мен Колумбия жеңімпазды анықтай алмады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында кімдердің плей-офф сатысына шыққаны белгілі болды.

Фото: Fifa.com

Бұл топтағы негізгі кездесу Колумбия - Португалия арасында өтті. Оңтүстік Америка және Еуропа құрлығының тәжірибелі құрамалары арасындағы кездесу топта қайсысы бірінші орын алатынын анықтайтын еді. Десе де олар тоассыз шабуыл ұйымдастырғанымен бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. 

Кездесу барысында құрамалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде Колумбия 7, Португалия 5 ұпаймен плей-офф сатысына тікелей жолдама алды. 

Сондай-ақ тағы бір кездесуде Конго Демократиялық Республикасы Өзбекстанмен шеберлік байқасты. 

Алғашқы минуттарда белсенділік көрсеткен өзбекстандық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Олардың қатарынан Эльдор Шомуродов 10-минутта есеп ашқан еді, оған африкалық құрамадан Йоан Висса 68, 91, Фистон Майеле 78-минутта үш голмен жауап қайырды.

Ойын барысында Өзбекстан қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, жарыстың келесі сатысына 4 ұпаймен Конго ДР құрамасы шықты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бельгия Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді.