Мұндай шешімнің қабылдануына бірінші тоқсанға байланысты жарияланған статистикалық мәліметтер себеп болған. Онда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мегаполисте кісі өлтіру қылмысының 50 пайызға, пәтерлерді тонаудың 85 пайызға көбейгені айтылған.
Сонымен бірге, автокөліктерді тонау мен есірткі саудасына қатысты қылмыстар да белең алып тұрса керек.
2014 жылдың 12 маусымында әлем чемпионатының ашылуына жер-жерден ондаған мың адам келеді деп күтілуде.