«Ресейдің арнайы қызметтері мен құқыққорғау органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ әлемнің 30-дан астам елінің құқыққорғау органдары мен арнайы қызметтерінің өкілдеріне алғыс білдіргім келеді. Жалпы, бұл бірлескен жұмысқа 34 елдің 55 арнайы қызметі және құқыққорғау органының 126 өкілі қатысқанын білемін», - деді В.Путин.
Ресей басшысы атап өткендей, мундиаль нысандарының құрылысына және әзірлігіне, турнирді ұйымдастыруға жұмылдырылған, сондай-ақ еріктілер мен адамдардың өзге де санаттарынан 2 миллионнан астам тұлға тексерілді.
«Әлем чемпионаты кезінде 25 миллионға жуық кибершабуылға және футболдан әлем чемпионатын өткізуге қатысы болған Ресейдің ақпараттық инфрақұрылымына жасалған өзге де қылмыстық әрекеттерге тойтарыс берілді», - деді ол.