Америкалық БАҚ мәліметтері бойынша, ФИФА осыған дейін Бундхенге марапаттау салтанатының басты сәніне айналу туралы ұсыныс жасаған болатын. Тіпті модельдің футболға тікелей қатысы бар. Ол Оризонтинада туған және жарысты өткізуші елдің атынан шығады. Оның жұбайы да футболист. Бірақ ол америкалық футбол түрімен айналысады. Жизель өзінің туған штатының «Гремио» футбол клубы, сонымен бірге, Миланның «Интер» құрамасына жанкүйерлік етеді.
14:27, 19 Маусым 2014
Футболдан ӘЧ кубогын кім табыстайтыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық супермодель және әлемдегі тартымды әйелдердің бірі Жизель Бундхен әлем чемпионатының жеңімпаздарына кубокты табыстауы мүмкін.