41 жастағы төреші ерекше қаталдығымен танылған. Алдағы кездесу Чакырдың биылғы Әлем чемпионатындағы үшінші матчы болмақ. Бұған дейін топтық кезеңнің 1-турында В тобының өкілдері - Марокко және Иран құрамалары арасындағы кездесуді басқарған. Парсылар 0:1 есебімен жеңген сол ойында Чакыр ойыншыларға 4 сары қағаз көрсеткен. Ал 3-турда D тобындағы Нигерия - Аргентина матчында (1:2) ойыншыларға 5 рет ескерту берген.
Еске сала кетейік, ойын Астана уақытымен 00:00-де болады. Оны тікелей эфирден Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.
19:55, 11 Шілде 2018
Футболдан ӘЧ жартылай финалына түркиялық қазылық етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы Әлем чемпионатының Хорватия және Англия құрамалары арасындағы жартылай финалдық кездесуін түркиялық төреші Жүнейт Чакыр қазылық етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.