Жарыстың аталған сатысында әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама бақ сынайды.
Олардың қатарында Марокко, Оңтүстік Африка, Мали, Сенегал, Кабо-Верде, Египет, Экваториалды Гвинея, Нигерия, Ангола, Намибия, Камерун, Гвинея, Конго Республикасы, Мавритания, Кот-д'Ивуар, Буркина-Фасо құрамалары бар.
1/8 финал ойындары 27-30 қаңтар күні өтеді.
Жарыстың аталған сатысында құрамалар төмендегіше жұп құрады:
Марокко - Оңтүстік Африка
Мали - Буркина-Фасо
Сенегал - Кот-д'Ивуар
Кабо-Верде - Мавритания
Египет - Конго Республикасы
Экваториалды Гвинея - Гвинея
Нигерия - Камерун
Ангола - Намибия
Африка ұлттар кубогы 11 ақпанда мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Мохамед Салах пен Садио Мане Африка ұлттар кубогына қатысатыны хабарланды.