Жарыстың аталған сатысына Нигерия, Ангола, Конго Республикасы, Гвинея, Кот-д'Ивуар, Кабо-Верде, Мали, Оңтүстік Африка құрамалары жолдама алды.
1/8 финалда Сенегал құрамасы Кот-д'Ивуарға 1:2 есебімен жол берді.
Сенегалдық құрама 2021 жылы аталған турнирде чемпион атанған еді. Бұл жолы сол жеңісті жолын жалғастыра алған жоқ. Әлемнің үздік ойыншыларының бірі Садио Мане құрлықтық додадан құр қайтты.
Сондай-ақ Египет құрамасы да жарыс жолынан шығып қалды. Олар Конго құрамасымен негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең түсіп, пенальтиден қарсыласына есе жіберді. Алған жарақатына байланысты египеттік шабуылшы Мохамед Салах бұл ойынға қатыса алған жоқ.
Ал Марокко футболшылары Оңтүстік Африкадан 0:2 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
1/4 финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады:
2 ақпан
Нигерия - Ангола
Конго Республикасы - Гвинея
3 ақпан
Кот-д'Ивуар - Мали
Кабо-Верде - Оңтүстік Африка
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Азия кубогында Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты.