Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.
Барлық құрама 12 топқа 4 немесе 5 командаға бөлінеді. Төрт құрамадан тұратын алғашқы алты топ (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 құрамадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды.
Топ жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын иегері өтпелі матч ойнайды.
Ел құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары - Бельгмя, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Матчтар 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.
А тобы: Германия немесе Италия (Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы жеңімпаз), Словакия, Солтүстік Ирландия, Люксембург.
B тобы: Швейцария, Швеция, Словения, Косово.
C тобы: Португалия немесе Дания (жеңілген құрама), Грекия, Шотландия, Беларусь.
D тобы: Франция немесе Хорватия (жеңімпаз), Украина, Исландия, Әзербайжан.
E тобы: Испания немесе Нидерланд (жеңімпаз), Түркия, Грузия, Болгария.
F тобы: Португалия немесе Дания (жеңімпаз), Венгрия, Ирландия, Армения.
G тобы: Испания немесе Нидерланд (жеңілгені), Польша, Финляндия, Литва, Мальта.
H тобы: Аустрия, Румыния, Босния және Герцеговина, Кипр, Сан-Марино.
I тобы: Германия немесе Италия (жеңілгені), Норвегия, Израиль, Эстония, Молдавия.
K тобы: Англия, Сербия, Албания, Латвия, Андорра.
L тобы: Франция немесе Хорватия (жеңілгені), Чехия, Черногория, Фарер аралдары, Гибралтар.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ-тың Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Филадельфия, Сан-Франциско, Сиэтл, Канаданның Торонто, Ванкувер және Мексиканың Гвадалахара, Мехико, Монтеррей қалаларында өтеді. Алғаш рет дүбірлі додада 48 құрама бақ сынайды.