Футболдан әлем чемпионаты-2022: Қазақстан құрамасының қарсыластары тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан сынға түсетін D тобындағы тағы бір кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойында Украина мен Франция құрамалары шеберлік байқасты.

Екі құрама топтағы бірінші орынға негізгі үміткерлер қатарында саналады. Сондықтан кездесу барысында екеуі де жеңіске жету мүмкіндігін іздеді.

Ойынның 44-минутында украиналық Николай Шапаренко есеп ашқан болатын. Екінші кезеңнің 50-минутында франциялық құрамадан Антони Марсьяль таразы басын теңестірді.

Кездесуде екі құрама 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Еске салсақ, Қазақстан сырт алаңда Францияға 0:1 есебімен жол бергген еді.

Одан бұрын қазақстандық құрама өз алаңында Франциядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін сырт алаңда Украинамен 1:1 есебімен тең түсті. Үшінші кездесуінде өз алаңында Украинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Енді 7 қыркүйекте Қазақстан сырт алаңда Босния және Герцоговинамен кездессе, Франция өз алаңында Финляндиямен жасыл алаңға шығады.