Футболдан Әлем чемпионаты Астананың LED дисплейлі экрандарында көрсетілетін болады

СТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Оңтүстік Африкада өтетін 2010 жылғы футболдан Әлем чемпионатының ашылуы, матчтың бірінші ойыны маусымның 11-і күні Астананың ең үлкен LED дисплейлі экрандарында көрсетілетін болады,

деп хабарлайды «Бәйтерек» медиа-орталығы.

Елорда тұрғындары мен қонақтары шілденің 7-сінде болатын екінші жартылай финалды, шілденің 10-ында үшінші және төртінші орындар үшін өтетін ойынды, шілденің 11-күні финал мен жабылу салтанатын Бәйтерек ауданындағы және Каскад бизнес орталығына қарама-қарсы орналасқан үлкен LED дисплейлар арқылы тамашалай алады.

Оңтүстік Африка Республикасы Елшілігінің бірлескен Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» агенттігі және BI Media Company компаниясы трансляциялардың ұйымдастырушылары болып отыр.