Футболдан әлем чемпионаты: Бразилия жарыс жолынан шығып қалды
08:03, 03 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Голландия Бразилия құрамасын ұтты, есеп 2:1.
Ойынның 10-шы минутында-ақ қарсыластар қақпасына бразилиялық шабуылшы Робсон де Соуза алғашқы доп соқты. Осыдан кейін екі жаққа да қауіпті сәттер болғанымен ойынның бірінші таймы оңтүстікамерикалықтардың пайдасына шешілді.
Ал ойынның екінші жартысында бразилиялықтардың қақпасы маңындағы қауіпті сәттердің бірінде аталған құраманың жартылай қорғаушысы Фели́пе Ме́ло Висенте де Карва́льо өз қақпасына доп жіберіп алды. Араға 15 минут салып голландиялық жартылай қорғаушы Уэсли Снейдердің баспен бағыттаған добы қарсыластар қақпасында тулады. Осылайша 2:1 есебімен жеңіске жеткен Голландия құрамасы жартылай финалға жолдама алды.