АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты финалында польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионаты финалында Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.
Аталған ойынға Шимон Марциняк бас төреші болып бекітілді. Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды.
Польшалық төреші финалда кездесетін екі құраманың да бұған дейінгі ойындарында қызмет атқарды. Ол топтық кеезңдегі екінші турда Франция мен Дания (2:1), 1/8 финалағы Аргентина мен Австралия (2:1) кездесулерінде төрешілік етті.
Финалдағы Аргентина және Франция құрамалары кездесуі 18 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото AFP
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.