НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 қарашада футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы соңғы ойынын сырт алаңда Францияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен 01:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы екінші ойында қазақстандық футболшылар аталған қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді.
Қазақстан құрамасы бұған дейін жеті ойын өткізді. Үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, төртеуінде қарсыластарына есе жіберді.
Бұл топта алты ойыннан кейін 12 ұпай жинаған Франция көш басында келеді. Қазақстан жеті ойыннан кейін 3 ұпаймен бесінші орында тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.