Футболдан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы матчтар күнтізбесімен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионаты матчтарының күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан бесінші себетке түсті. 2022 жылғы ӘЧ іріктеу жеребесі ертең, 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады. Бұрынғы футболшылар Даниэле Де Росси мен Рафаэль Ван Дер Варт жеребеге қатысады.

Катардағы Әлем чемпионаты 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейінгі тығыз кестеде өтеді. Финалдық кезеңнің жеребесі 2022 жылдың сәуір айына жоспарланған.

Іріктеу матчтары:

1-тур: 24-25 наурыз 2021 жыл

2-тур: 27-28 наурыз 2021 жыл

3-тур: 30-31 наурыз 2021 жыл

4-тур: 1-2 маусым 2021 жыл

5-тур: 4-5 қыркүйек 2021 жыл

6-тур: 7-8 қыркүйек 2021 жыл

7-тур: 8-9 қазан 2021 жыл

8-тур: 11-12 қазан 2021 жыл

9-тур: 11-13 қараша 2021 жыл

10-тур: 14-16 қараша 2021 жыл

Түйісу матчтары: 24, 25, 28, 29 наурыз, 2022 жыл.