«Ресейдің 11 қаласында футболдан Әлем чемпионатының матчтары өтті. Осы кезең барысында жанкүйер паспортын ресми алған 10 мыңнан астам қазақстандық келді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Ресей алғаш рет футболдан Әлем чемпионатын өткізді. Ойындар 14 маусым-15 шілде аралығында Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Төменгі Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Сочи қалаларында болды.