Ол 31 наурызда FIFA жариялаған рейтинг нәтижесі бойынша жасалды.
Дүбірлі додада бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген. Әзірге оған қатысатын 29 құрама белгілі.
Қалғаны маусым айында анықталады.
Құрамалардың себетте орналасуы төмендегіше:
Бірінші себет: Катар (турнир қожайыны), Бразилия, Бельгия, Франция, Аргентина, Англия, Испания және Португалия.
Екінші себет: Мексика, Нидерланды, Дания, Германия, Уругвай, Швейцария, АҚШ және Хорватия.
Үшінші себет: Сенегал, Иран, Жапония, Марокко, Сербия, Польша, Оңтүстік Корея және Тунис.
Төртінші себет: Камерун, Канада, Эквадор, Сауд Аравиясы, Гана, сондай-ақ құрлықаралық өтпелі сайыс (Коста-Рика мен Жаңа Зеландия, Перу мен Австралия/БАӘ) және еуропалық іріктеу кезеңіндегі өтпелі сайыстағы жеңімпаз (Уэльс пен Шотландия/Украина).
Әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде Катар астанасы – Доха қаласында өтеді. Ол елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.