Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамаларының кездесуінде алғашқы голды африкалықтар салып, Мексика футболшылары оған тамаша жауап қайтара білді. Есеп 1:1. Ал әлем чемпиондары Франция мен Уругвай құрамаларының кездесуі тартысты өткенімен екі команда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Есеп 0:0.
Бүгін футбол жанкүйерлері Корея Республикасы мен Грекия, Аргентина мен Нигерия, Англия мен АҚШ құрамаларының ойындарын тамашалайды. Чемпионатты көрермендер «Хабар» және «Еларна» телеарналарынан көреді.