Оны ғаламторға осы әнді әйгілі әнші Дженифер Лопеспен және бразилиялық эстрада жұлдызы Клаудия Лейтамен бірге орындайтын танымал американдық поп орындаушы Питбуль жариялаған. Бұл әнұран Сан-Паулуда 12 маусым күні өтетін 2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатында орындалмақ. Әннің ресми емес нұсқасы ғаламторда ақпан айында жарияланғанын естеріңізге сала кетейік. Оның ресми бейнебаянын түсіру жұмыстары сол кезде басталған.
Айта кетейік, 2010 жылғы Оңтүстік Африкада өткен чемпионаттың әнұраны Шакираның орындауындағы «Waka, Waka» әні болған еді. Ал жалпы сыйлық қоры 576 млн. долларды құрайтын футболдан биылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді.