Футболдан алматылық «Қайрат» Ресейдің «Зенит» (Санкт-Петербург) командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда ұйымдастырылды.
Кездесу барысында алаң иелері қатарынан Жоао Паоло 8-минутта есеп ашса, 29-минутта ресейлік Александр Ерохин таразы басын теңестірді.
Ал 69-минутта алматылық клубтан қорғаушы Офри Арад «Қайратты» тағы да алға шығарды.Оған 85-минута «Зенит» ойыншысы Густаво Мантуан бір голмен жауап қайырды.
Есеп 2:2,командалар тең ойынға қанағат білдірді.
Екі команда бұған дейін 1991 жылы КСРО біріншілігінде кездесті. Алматы қаласында өткен ойында «Қайрат» 1:0 есебімен басым түскен еді.
«Зенит» Ресей біріншілігінде тоғыз мәрте чемпион атанған. Команда құрамында қазақстандық қорғаушы Нұрәли Әліп ойын көрсетеді.
Еске салсақ, биылғы жылдың шілде айында жолдастық кездесуде «Қайрат» Алматыда «Пахтакордан» жеңіліп қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.