НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасы футболдан биылғы «Финалиссима» ойынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарының чемпиондары арасындағы бәсеке 29 жылдан кейін қайта жаңғырды.
Англия астанасы Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесуде аргентиналық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз үш гол соғып кетті. Бұл голдарды Лаугаро Мартинес 28, Анхель Ди Мария 45, Пауло Дибала 90-минуттарда өздерінің еншісіне жазды.
Осылайша аргентиналықтар 29 жылдан кейін тағы бір мәрте аталған кубокты төбесіне көтерді. 1993 жылы Аргентина мен Дания ойнап, негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтиден аргентиналық футболшылар 5:4 есебімен басым түскен еді.
Одан бұрын 1985 жылы Франция Уругвайды 2:0 есебімен сүріндірді. Аталған бәсеке бүгінге дейін небәрі 1985, 1993 жылдарда екі мәрте өткізілген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.