Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» «Қайратты» ірі есеппен жеңді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының оныншы туры мәресіне жетті.

Бұл турда көшбасшы командалардың барлығы жеңіске жетті. Шымкенттің БИІК клубы өз алаңында елордалық «Жеңісті» 7:0, «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» 8:0, түркістандық «Томирис-Тұран» петропавлдық «Қызылжарды» 3:1 есебімен жеңді. 

Оныншы турдың ойын нәтижесі:

  • «Астана» - «Атырау» (Петропавл) 9:2
  • «Елімай» (Семей) - «Жетісу» (Талдықорған) 3:0
  • «Тобыл» (Қостанай) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 3:0
  • «Ұлытау» (Жезқазған) - «Қайсар» (Қызылорда) 2:0
  • БИІК (Шымкент) - «Жеңіс» (Астана) 7:0
  • «Ақтөбе» - «Қайрат» (Алматы) 8:0
  • «Қызылжар» (Петропавл) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 3:1 

Биыл Қазақстан футбол федерациясы талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.