Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионаты: БИІК командасы «Астананы» ірі есеппен жеңді

Фото: БИІК футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының XIV туры мәресіне жетті. 

Аталған турда көш басында келе жатқан командалардың барлығы жеңіске жетті. Шымкенттік БИІК өз алаңында «Астананы» 7:0 есебімен жеңсе, «Томирис-Тұран» сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 10:0 есебімен тізе бүктірді.

6 ойынның қорытындысы төмендегідей:

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:10

«Елімай» (Семей) - «Қайрат» (Алматы) 5:1

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қызылжар» (Петропавл) 1:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Жеңіс» (Астана) 1:5

БИІК (Шымкент) - «Астана» 7:0

«Тобыл» (Қостанай) - «Атырау» 6:1.

Бұл турдағы «Қайсар» (Қызылорда) - «Ақтөбе» кездесуі 7 тамыз күні өткізіледі.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы ел біріншілігінде әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Бұған дейін футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының ХVI туры өтетінін жазған едік.