Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының он төртінші туры өтеді

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он төртінші туры өтеді.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Ойын кестесі:

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Томирис-Тұран» (Түркістан)

«Елімай» (Семей) - «Қайрат» (Алматы)

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қызылжар» (Петропавл)

«Жетісу» (Талдықорған) - «Жеңіс» (Астана)

БИІК (Шымкент) - «Астана»

Бұл турдағы «Қайсар» (Қызылорда) - «Ақтөбе» кездесуі 7 тамыз күні өткізіледі.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.