Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының он үшінші туры өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он үшінші туры өтеді.
Аталған турдан кейін бірінші айналым мәресіне жетеді. Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді. Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.
Он үшінші турдың ойын кестесі:
«Жеңіс» (Астана) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Қызылжар» (Петропавл) — «Астана»
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ақтөбе»
«Қайрат» (Алматы) — БИІК (Шымкент)
«Атырау» — «Елімай» (Семей)
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Тобыл» (Қостанай).
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.
Еске салсақ, футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турында «Ақтөбе» командасы қарсылас қақпасына гол соғу жөнінен өзінің рекордын жаңартты.