Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында БИІК ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші турының алғашқы ойын күні өтті.

Көш басында келе жатқан шымкенттік БИІК бұл жолы да сүрінген жоқ. Шымкенттік футболшылар өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдады.

Кездесу барысында олар ойын тізгінін толық өзіне қолға алды. Нәтижесінде қарсыласын 12:0 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ тағы бір кездесуде «Ақтөбе» түркістандық «Томирис-Тұраннан» 5:0 есебімен басым түсті.

Сегізінші турдың ойын нәтижесі:

«Астана» - «Қайсар» (Қызылорда) 2:2

«Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 8:0

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай) 2:2

«Қайрат» (Алматы) - «Атырау» 5:1

БИІК (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған) 12:0

«Ақтөбе» - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 5:0

Ал «Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана) кездесуі 10 маусым күні өтетін болды.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.