Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Жеті турдан кейін шымкенттік БИИК, түркістандық «Томирис-Тұран», «Ақтөбе» командалары 19 ұпаймен көш бастап келеді.
Сегізінші турдың ойын кестесі:
«Астана» - «Қайсар» (Қызылорда)
«Қызылжар» (Петропавл) - «Жеңіс» (Астана)
«Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Тобыл» (Қостанай)
«Қайрат» (Алматы) - «Атырау»
БИИК (Шымкент) - «Жетісу» (Талдықорған)
«Ақтөбе» - «Томирис-Тұран» (Түркістан)
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.