Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Әйелдер лигасының ХVІІІ туры мәресіне жетті.

Бұл турдағы бір ойын алдын ала өткізілсе, алтауы бүгін болады.

Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.

Биыл алдына чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат еткен «Ақтөбе» аталған турда сәтті ойын өткізді. Сырт алаңда ойнағанына қарамастан «Атырауды» 15:0 есебімен тізе бүктірді.

Нәтижесінде 52 ұпаймен Шымкенттің БИІК командасымен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

  • «Атырау» — «Ақтөбе» 0:15
  • «Жеңіс» (Астана) — «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:4
  • «Елімай» (Семей) — «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0
  • «Жетісу» (Талдықорған) — «Қызылжар» (Петропавл) 0:6
  • «Тобыл» (Қостанай) — «Астана» 0:5
  • «Қайсар» (Қызылорда) — «Қайрат» (Алматы) 1:3

Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойында шымкенттің БИІК (Шымкент) сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 18:0 есебімен жеңді. 

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.

Енді алдағы тур ойындары 23 және 25 тамыз күндері өткізіледі.