Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді.
А конференциясында — 9 команда, В конференциясында — 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.
Алдымен 18 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түсті. Олардың арасынан БИІК сырт алаңда «Жетісу» командасын 10:0 есебімен ойсырата жеңді.
Ал В конференциясында «Ақтөбе» клубы «Шахтерді» 11:0 есебімен тізе бүктірді.
18 мамыр
А конференциясы
«Қайрат» (Алматы) - «Каспий» (Ақтау) 4:0
«Атырау» - «Қайсар» (Қызылорда) 0:0
«Жетісу» (Талдықорған) - БИІК (Шымкент) 0:10
«Ордабасы» (Шымкент) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:2
19 мамыр
В конференциясы
«Алтай» (Өскемен) - «Ертіс» (Павлодар) 0:1
«Елімай» (Семей) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 9:0
«Қызылжар» (Петропавл) - «Тобыл» (Қостанай) 2:0
«Шахтер» (Қарағанды) - «Ақтөбе» 0:11
«Жеңіс» (Астана) - «Астана» 5:1.
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.