Бүгін, 5 мамырда В конференциясында командалар өзара сайысқа түсті. Былтыр ел біріншілігінде топ жарған «Ақтөбе» биылғы біріншілікті сәтті бастады. Алғашқы кездесуде көкшетаулық «Оқжетпесті» 20:0 есебімен сүріндірген олар бұл жолы өз алаңында елордалық «Астананы» 10:0 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ бүгін бұл конференцияда тағы төрт ойын өткізілді.
5 мамыр
В конференциясы
- «Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай) 0:1
- «Қызылжар» (Петропавл) - «Ертіс» (Павлодар) 1:0
- «Алтай» (Өскемен) - «Шахтер» (Қарағанды) 0:1
- «Ақтөбе» - «Астана» 10:0
- «Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 7:1.
Айта кетсек, кеше, 4 мамырда А конференциясында 4 ойын өткізілген еді. Ол ойындарда былтыр үздік үштіктен көрінген «Тұран» сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытауды» 4:0 есебімен жеңсе, екінші орын алған шымкенттік БИІК бұл турда кездесу өктізген жоқ.
Ойындар нәтижесі
4 мамыр
А конференциясы
- «Каспий» (Ақтау) - «Қайсар» (Қызылорда) 0:1
- «Ұлытау» (Жезқазған) - «Тұран» (Түркістан) 0:4
- «Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент) 1:2
- «Жетісу» (Талдықорған) - «Атырау» 0:1.
Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында - 9 команда, В конференциясында - 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.