Футболдан әйелдер лигасында «БИІК» пен «Ақтөбе» қарсыластарынан ұзап кетті

Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он екінші турында шымкенттік «БИІК» түркістандық «Томирис-Тұранды» ірі есеппен жеңді. 

Екі команда турнир кестесінде үздік үштікте келеді. Десе де шымкенттік клуб өз алаңында өткен кездесуде қарсыласын ірі есеппен қапы қалдырды. Бұл ойында «БИІК» түркістандық команданы 6:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді қолына алды.

Оныншы турдың ойын нәтижесі:

«Астана» — «Қайрат» (Алматы) 1:2

«Тобыл» (Қостанай) — «Жетісу» (Талдықорған) 2:0

«Елімай» (Семей) — «Жеңіс» (Астана) 1:3

«Ақтөбе» — «Қызылжар» (Петропавл) 5:0

«БИІК» (Шымкент) — «Томирис-Тұран» (Түркістан) 6:1

«Қайсар» (Қызылорда) — «Оқжетпес» (Көкшетау) 3:0

«Ұлытау» (Жезқазған) — «Атырау» 10:1.

Он екі турдан кейін шымкенттік «БИІК», «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.