Футболдан Әйелдер лигасында ХVІІІ тур ойындары өтеді

Фото: Kffleague.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл турдағы бір ойын алдын ала өткізілсе, алтауы бүгін болады.Қазір шымкенттік БИІК, «Ақтөбе», «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.

Сондықтан олар бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық.

Ойын кестесі:

«Атырау» — «Ақтөбе»
«Жеңіс» (Астана) — «Томирис-Тұран» (Түркістан)
«Елімай» (Семей) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Қызылжар» (Петропавл)
«Тобыл» (Қостанай) — «Астана»
«Қайсар» (Қызылорда) — «Қайрат» (Алматы)

Бұл турдағы алдын ала өткізілген ойында шымкенттің БИІК (Шымкент) сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 18:0 есебімен жеңді. 

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын БИІК клубы сырт алаңда Семейдің «Елімай» командасын 7:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.