Футболдан әйелдер лигасында «Жеңіс» пен «Елімай» тең түсті

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ХХІV туры мәресіне жетті.

Бұл ойында «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) командалары шеберлік байқасты. Командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Өзге ойындар нәтижесі:

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайсар» (Қызылорда) 0:6

«Жетісу» (Талдықорған) — «Тобыл» (Қостанай) 1:1

«Қызылжар» (Петропавл) — «Ақтөбе» 0:3

«Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған) 0:5

«Қайрат» (Алматы) — «Астана» 2:0

Бұған дейін «Томирис-Тұран» (Түркістан) — БИІК (Шымкент) командасымен 1:1 есебімен тең түскенін жазған едік. 

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол спорты мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады. 

Осылайша «Ақтөбе» 68 ұпаймен көш басында тұрса, БИІК 65 ұпаймен екінші, «Томирис-Тұран» 57 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.