Павлодар қаласының тұрғындары мен жанкүйерлермен кездесуге Ұлттық құраманың капитаны Бегайым Қырғызбаева, қақпашы Оксана Железняк және жартылай қорғаушы Карина Жұмабайқызы келді. Футболшы қыздар сұрақтарға жауап беріп, ең қызықты деген сауалдарға сыйлықтарын тарту етті. Сондай-ақ олар қолтаңбаларын таратты.
Спортсүйер қауым үшін мұндай шараны алғаш рет Павлодар облысының Футбол федерациясы ҚР Футбол федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Еске салайық, 4 қыркүйек күні Павлодардың Орталық стадионында әйелдер арасында 2019 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы матчы өтеді.
Бұл ойынға болгариялық мамандар төрелік ететінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.